Чемпиондар Лигасы: Пресс-конференцияда не айтылды?

🇪🇺 Чемпиондар Лигасы: Пресс-конференцияда не айтылды?
«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин:
– Бұл біз үшін өте толқулы матч. «Қайрат» клуб тарихында алғаш рет осындай кезеңде ойнағалы отыр. Бұл – осындай деңгейдегі қарсыластарға қарсы өзімізді көрсетуге үлкен мүмкіндік. Ертең дайын екенімізді дәлелдеп, матчты асыға күтеміз.
«Спортинг» бас бапкері Руй Боржеш:
– Өткен маусым біз үшін арманға пара-пар болды, ал қазір бәрі жалғасуда – біз тағы да планетаның ең үздік клубтық турниріне қатысудан ләззат ала аламыз. Былтыр бізде үлкен ротация болды, үнемі таңдау жасауға, чемпионатқа көбірек көңіл бөлуге тура келді. Бірақ қазір бізді жаңа маусым күтіп тұр, одан барынша ләззат алуымыз керек. Мен білемін, біз өте ынталы боламыз.
«Қайрат» жартылай қорғаушысы Жоржиньо – Португалияға оралуы туралы:
– Әрине, бұл ерекше жағдай. Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынымда мені отбасым мен достарым қолдайды. Жеткен жетістігім үшін қатты мақтанамын, бұл ғажайып, бірақ біз бұдан да үлкен жетістікке жеткіміз келеді. «Спортинг» әртүрлі ойнайды, алайда біз оған дайынбыз. Бар күшімізді салып, мұнда ұпай алуға тырысамыз.
«Спортинг» қорғаушысы Зено Дебаст:
– «Қайрат» – Чемпиондар лигасында өз орнын әділ алған мықты команда. Олар «Селтикті» және басқа да қарсыластарды жарыстан шығарды. Бірақ біз дайынбыз және жеңіске жету үшін бәрін жасаймыз.
Зено Дебаст – «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев туралы:
– Бұл жақсы ойыншы. Ол Бельгия құрамасына қарсы матчта мені таңғалдырды. Біз оның ойын мәнерін зерттедік, және айта аламын: ол өте сапалы футболшы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
