Заңғар Нұрланұлы J200 турнирінің чемпионы атанды
Әлемдік рейтингінде 25-орында тұрған қазақстандық спортшы Заңғар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Жарыста ол бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелді. Финалда Заңғар кореялық Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде ұтты.
Бұл жеңіс Заңғар Нұрланұлының ITF Juniors аясындағы жекелей сындағы алтыншы титулы болды. Бұған дейін ол J100 Aizkraukle, J200 Shymkent, J100 Izmir, J30 Tsaghadzor, J30 Trnava турнирлерде топ жарған болатын.
Келесі аптада Заңғар Кореяның Вонджу қаласында өтетін ITF Juniors J300 турнирінде бақ сынайды. Бұл дода 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы бейресми Азия чемпионаты саналады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Германия құрамасы Әлем чемпионатына жолдама алды
18.11.2025, 11:20
Норвегия құрамасы араға 28 жыл салып Әлем чемпионатына жолдама алды
17.11.2025, 16:28
Михаил Шайдоров АҚШ-та өткен Гран-при жарысының күміс жүлдегері атанды
16.11.2025, 12:00
Қазақстан құрамасы Белгиямен тең тарқасты
15.11.2025, 23:30
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Әлем кубогын жеңіп алды
15.11.2025, 16:00
Кирилл Герасименко Ислам ынтымақтастық ойындарында ел қоржынына оныншы алтын медальды салды
14.11.2025, 10:10
Қазақстан садақ атудан Бангладештегі Азия чемпионатында топ жарды
13.11.2025, 17:00
Лондонның әйгілі «Уэмбли» стадионы Еуро-2028 финалын қабылдайды
13.11.2025, 15:30