Басты Жаңалықтар Астанада велотакси ашылды

Астанада велотакси ашылды

Астанада велотакси ашылды
Жас кәсіпкерлер Қайырбек Жұсамбаев пен Әмірхан Әшеновтің жобасының тұсауы кесілді. Олар бұдан 4 жыл бұрын Summer Work&Travel жастар бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штаттарында велотакси жүргізушісі болып жұмыс істеген. Ерекше кәсіптің тиімділігін түсінген инженер мамандар шетелден негізгі бөлшектерді жеткізіп, велотаксиді өз қолымен құрастырып шыққан.
Бөлісу