Басты Жаңалықтар Tour of Hainan-2014. Қазақстандық Андрей Зейтц екінші орынға ие болды

Tour of Hainan-2014. Қазақстандық Андрей Зейтц екінші орынға ие болды

Tour of Hainan-2014. Қазақстандық Андрей Зейтц екінші орынға ие болды

Қытайда өтіп жатқан Tour of Hainan-2014 жарысының жетінші кезеңінде «Astana Pro Team» велошабандозы Андрей Зейтц мәреге екінші келді.

Ол 199,3 шақырымға созылған кезеңде жеңімпаз атанған «Team La Pomme Marseille» командасының өкілі Жюльен Антомачиден небәрі 1 секунд қалып қойды.

Бұл жетістіктен кейін Андрей Зейтц жалпы есепте 17-ші орыннан екінші сатыға көтерілді. Жалпы есепте көш бастап тұрған Жюльен Антомачи 25 секунд алда келеді. Велошабандоздарды тағы екі кезең бар.

Айта кетейік, бұл кезеңде «Astana Pro Team» командасының тағы бір өкілі Александр Дьяченко бесінші орыннан көрінді.

Бөлісу