Басты Жаңалықтар Нибали мен Луценко «Алматы турына» қатысады

Нибали мен Луценко «Алматы турына» қатысады

Нибали мен Луценко «Алматы турына» қатысады

Винченцо Нибали мен Алексей Луценко біркүндік «Алматы туры-2016» веложарысына қатысады.

«Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы жаңалығым бар. Біздің екі капитанымыз - Винченцо Нибали мен Алексей Луценко 2-ші қазан күні өтетін «Алматы туры» веложарысына қатысады. Спортшыларымызға қолдау көрсетуге келіңіздер!»,- деп жазды «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров өзінің инстаграмдағы ресми парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, жаңа маусымнан бастап италиялық велошабандоз Винченцо Нибали «Bahrain Merida» командасының намысын қорғайды.

Дерек көзі: prosportkz.kz

Бөлісу