Басты Жаңалықтар Әлем Барысы. Түркия елінің палуаны белгілі болды

Әлем Барысы. Түркия елінің палуаны белгілі болды

Әлем Барысы. Түркия елінің палуаны белгілі болды
25 қазанда Павлодар қаласында өтетін «Әлем Барысын» халықаралық турнирінде Түркия елінің намысын қорғайтын палуанның есімі – Мұрат Гемалмаз. Туған жері: Анкараға қарасты Бала ауданы. Туған күні: 1983 жыл. Бойы – 183 см. Салмағы – 138 келі. Қызметі: Анкара қаласындағы «EGO» спорт клубында жасөспірімдер бөлімінің дзюдодан жаттықтырушысы. Спорттағы жетістіктері: Кураштан Еуропа чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері ( 2003 ж. Стамбул және 2005 ж. Афины); Дзюдодан командалық Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (Париж, 2004 ж.); Дзюдодан Халықаралық Босфор турнирінің қола жүлдегері (Стамбул, 2004 ж.); Дзюдодан Түркия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, жүлдегері (1-ші орын (2004-2005 ж.), 2-ші орын (2008 ж.), 3-ші орын (2003, 2006,2012 ж.ж,)); 2013 жылы Минск қаласында өткен Қазақ күресінен 4-ші Әлем чемпионатына қатысушы (абсолюттік салмақ дәрежесінде 5-ші орын);
Бөлісу