Басты Жаңалықтар Польша елінен «Әлем Барысына» Мацей Сарнацки қатысады

Польша елінен «Әлем Барысына» Мацей Сарнацки қатысады

Польша елінен «Әлем Барысына» Мацей Сарнацки қатысады
«Әлем Барысына» әр елдің ауыр салмақтағы ең үздік түйе палуандары келеді дегенді айттық. Сол үздіктің бірі поляк палуаны – Мацей Сарнацки. Мацей Сарнацки нағыз бабында тұрған палуан. Жасы да, тәжірибесі де керемет қабысып тұр. Соңғы жылдары ірі жарыстардың барлығында жүлдеге ілігіп жүр. Туған жылы – 1987 ж. Жасы – 27. Бойы – 2 метр. Салмағы – 124 келі. Жетістіктері: 2011 жылы Шыңжаң қаласында өткен Универсиада ойындарының күміс жүлдегері; 2011, 2012, 2013, 2014 жылдары дзюдодан Польша елінің қатарынан төрт дүркін чемпионы атанған; 2013 жылы Таллин қаласында өткен Еуропа ашық біріншілігінің күміс жүлдегері; 2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиада ойындарының қола жүлдегері; 2014 жылы Тюмень қаласында өткен дзюдодан «Grand Slam» турнирінің қола жүлдегері; 2014 жылы Мадрид қаласында өткен Еуропа ашық біріншілігінің күміс жүлдегері. vk.com/kazakhstanbarysy_2014
Бөлісу