Басты Жаңалықтар Тікелей эфирде – «Әлем Барысы»

Тікелей эфирде – «Әлем Барысы»

Тікелей эфирде – «Әлем Барысы»

Павлодар қаласында 25 қазанда «Әлем Барысы» халықаралық турнирі өтеді.

Жарыста 6 құрлықтан жиналған 90 келіден жоғары салмақтағы палуандар күш сынасады. Бозкілемде әлемнің 35 елінен 38 палуан алтын белбеуге таласады. Доданың жалпы жүлде қоры - 150 мың АҚШ доллары.

Жарысқа түрлі күрес түрлерінен Әлем, Еуропа мен Азия чемпиондары сынға түседі.

Қазақстан атынан жарыс қожайыны ретінде 4 палуан белдеседі.

Еске сала кетейік, 25 қазанда «Әлем Барысы» турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде Астана уақытымен сағат 12:00-де көрсетеді.

Бөлісу