Павлодар қаласында «Жас Барыс» республикалық турнирі өтеді

2014 жылғы 5-7 қараша күндері Павлодар қаласында «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы ҚР қазақ күресі федерациясынан хабарлады.
Жарысқа Қазақстанның 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан 400-ге жуық жас палуан қатысады. Іріктеу сындарын әр өңірде облыстық Қазақ күресі федерациясы мен жергілікті Дене шынықтыру және спорт басқармалары өткізді.
«Жас Барыс» республикалық турнирінің финалында қалалық және облыстық деңгейде жеңімпаз атанған палуандар сынға түседі.
Турнирге қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлінді: 14-15 жасқа дейінгілер арасында 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73 және +73 келі салмақ дәрежелерінде; 16-17 жасқа дейінгілер арасында 46, 51, 57, 64, 72, 81 және +81 келі; 18-19 жасқа дейінгілер арасында 55, 60, 70, 80, 90, +90 келі салмақ санаттарында сайысқа түседі.
«Жас Барыс» турнирі Павлодар қаласындағы «Баянтау» спорт кешенінде өтеді.
Бұл шараны ұйымдастырушылар - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР қазақ күресі федерациясы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
