Басты Жаңалықтар Бейбіт Ыстыбаев Руслан Әбдіразақовты ұтып, екінші рет «Қазақстан Барысы» атанды

Бейбіт Ыстыбаев Руслан Әбдіразақовты ұтып, екінші рет «Қазақстан Барысы» атанды

Бейбіт Ыстыбаев Руслан Әбдіразақовты ұтып, екінші рет «Қазақстан Барысы» атанды
Жамбылдық палуан Бейбіт Ыстыбаев алғашқы кездесуде оңтүстікқазақстандық Нұрсұлтан Мыңғышовты ұтса, 1/8 финалда ол былтырғы «Қазақстан Барысы» шығысқазақстандық Мұхит Тұрсыновтан айласын асырды. Ширек финалда қызылордалық Нұрым Сәлімгереевті жеңді. Ал, елордалық Ғани Сейділдаевті таза әдіспен жеңіп, ақтық сайысқа шықты. «Қазақстан Барысы – 2015» турнирінің ақтық сайысында қызылордалық палуан Руслан Әбдіразақовты ұтып, екінші рет «Қазақстан Барысы» атанды. Еске сала кетейік, Бейбіт Ыстыбаев 2012 жылы да «Қазақстан Барысы» атанған.
Бөлісу