Теңге ілуден және аударыспақтан Азия чемпионаттары аяқталды

Елорда төрінде екі күнге созылған Теңге ілуден ІІ Азия чемпионаты, Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаты аяқталды. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Қытай,  Түркия мемлекеттерінің  алпысқа жуық спортшылары бақ сынады.

 

Жүйрік атпен құйғыта шапқан бетте көз ілеспес шапшаңдықпен түйіншектегі теңгелерді бірінен соң бірін іліп алған теңге ілуші жігіттердің сайысы қалың жанкүйердің көңілін бір серпілтті. 9 мемлекет спортшыларының арасынан ақтық сынға санаулы саңлақтар суырылып шықты. Нәтижесінде теңге ілуден  ІІ Азия чемпионаты жүлделерінің екеуін қазақстандық спортшылар ұтып алды. Алтын медаль мен 1 500 000 теңге сыйлық  Мағжан Сапарбекке бұйырды. Күміс жүлде мен 700 000 мың теңге сыйлықты Ғалымжан Ізжанов иеленді. Қола жүлде мен 500 000 теңге сыйлықты Қырғызстан спортшысы Амантур Минуур уулы қанжығасына байлады.

 

Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатының жүлдесі де 9 мемлекет командалары арасында сарапқа салынды. 60 келі, 70 келі, 80 келі,  90 келі  және 90 келіден жоғары салмақ бойынша сынға түскен балуандар сайысы қалың көпшілікті бей-жай қалдырмады. Азияның тақымы тастай, құрыш білекті, түкті жүректі жігіттері екі күн бойы ат үстіндегі жекпе-жекте алуан әдіс, сан тәсілге салып бақты. Қапысын тауып қарсыластарын сан соқтырған 15 балуан 5 салмақ бойынша ІІІ Азия чемпионатының жүлдесін қанжығаларына байлады. Елорданың 20 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылған Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің толық тізімі:

60 келі салмақ бойынша:

Алтын медаль – Азамат Серғазин (Қазақстан Республикасы)

Күміс медаль – Матей Базарбай (Моңғолия)

Қола медаль – Акыл Саганбеков (Қырғызстан Республикасы)

70 келі салмақ бойынша:

Алтын медаль – Шыңғысхан Ержанов  (Қазақстан Республикасы)

Күміс медаль – Ахмаджан Мохаммад Исхад (Ауғанстан)

Қола медаль – Азирет Бакболотулуу (Қырғызстан Республикасы)

80 келі салмақ бойынша:

Алтын медаль – Есімхан Рахматілла (Қазақстан Республикасы)

Күміс медаль – Амантур Минуруулу  (Қырғызстан Республикасы)

Қола медаль – Серік Жеңісбек  (Монғолия)

90 келі салмақ бойынша:

Алтын медаль – Сырым Ізбасаров (Қазақстан Республикасы)

Күміс медаль – Фарход Холов  (Тәжікстан Республикасы)

Қола медаль – Байысғалан Досжан  (Монғолия)

+ 90 келі салмақ бойынша:

Алтын медаль – Біржан Қосалиев (Қазақстан Республикасы)

Күміс медаль – Ихтяер Толипов  (Өзбекстан Республикасы)

Қола медаль – Думан Жұмабайұлы  (Қытай Халық Республикасы)

 

 

Қоғамда ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық рухқа тәрбиелеу және Ұлттар арасындағы достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту мақсатында ұйымдастырылатын осынау Ұлттық спорт жарыстары көзделген меже үдесінен көрінуде. Мәселен, Астанада өткен Азия чемпионаттарын ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің өкілдері арнайы келіп тамашалауының өзі көп жайтты аңғартса керек.

Еске салып өтсек, 2015 жылы Астанада өткен Теңге ілуден І Азия чемпионатына Азияның 8 мемлекеті қатысқан болатын. Ал, Аударыспақтан І Азия чемпионаты 2014 жылы Астана қаласында,  ІІ Азия чемпионаты 2016 жылы ҚХР Іле Қазақ автономиялы облысында ұйымдастырылды.

 

 

 

ulttyqsport.kz

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды