Астанада «Қазақстан Барысы-2018» турниріне арналған баспасөз мәслихаты өтті

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» IХ республикалық турниріне орай баспасөз мәслихаты өтті.

 

Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналып, тоғызыншы рет өткелі жатқан турнирдің жаңалығы жетерлік. Биыл ОҚО-да іріктеу өткен палуандар енді Түркістан облысының атынан өнер көрсетсе, Шымкент қаласының намысын екі палуан қорғайды. Осылайша, беделді бәсекеге еліміздің 14 облысы, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 37 үздік палуан бақ сынайды. Бұдан бөлек, ұлттық бояуға толы дода барысында жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады.

 

Жарысқа қатысушы палуандар Астанаға 28 маусым күні келеді. Ал, 29 маусым сағат 19:30-ға ресми салмақ өлшеу рәсімі белгіленген. Астанадағы «Хан Шатыр» сауда үйінің орталық алаңында түйе балуандар мыңдаған халықтың алдына шығып, БАҚ өкілдерімен сұхбаттасады.

 

Биылғы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз атанған палуанға алтын белбеу және алтыннан құйылған «тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орынға сәйкесінше күміс және қола белбеу беріледі.

Сонымен қатар, ақшалай жүлделер төмендегідей:

Әр белдесудегі жеңіске - 100 000 теңге;

ІІІ орын - 1 800 000 теңге;

Бапкеріне - 900 000 теңге.  

ІІ орын - 5 500 000 теңге;

Бапкеріне - 1 800 000 теңге;  

 І орын - 25 000 000 теңге;

Бапкеріне - 3 500 000 теңге. 

Белгілі болған тағы бір жайт, «Қазақстан Барысы» қорының төрағасы Арман Шораев алдағы уақытта қазақ күресінен Каспий теңізі жағалауындағы елдер арасындағы турнирді ұйымдастыру жоспарда барын айтып өтті. Ол «Каспий барысы» деп аталуы мүмкін.

«Қазақстан Барысы» турнирінің әр жылдағы жеңімпаз және жүлдегерлері бүгінде халық арасында өте танымал, бүгінгі күннің батырларына айналған үздік палуандар тізімі төмендегідей:

 

2011 ж. - 1. Ұлан Рысқұл 2. Бейбіт Ыстыбаев 3. Шалқар Жоламанов 

2012 ж. - 1. Бейбіт Ыстыбаев 2. Шалқар Жоламанов 3. Айбек Нұғымаров 

2013 ж. - 1. Айбек Нұғымаров 2. Ержан Шынкеев 3. Жұманазар Ерсұлтанов 

2014 ж. - 1. Мұхит Тұрсынов 2. Асыл Бәрменов 3. Руслан Әбдіразақов 

2015 ж. - 1. Бейбіт Ыстыбаев 2. Руслан Әбдіразақов 3. Ғани Сейділдаев

2016 ж. - 1. Бейбіт Ыстыбаев 2. Жұманазар Ерсұлтанов 3. Айбол Айтбек  

2017 ж. - 1. Еламан Ерғалиев 2. Ұлан Рысқұл 3. Айбек Нұғымаров.

 

Айта кетейік, 1 шілде күні «Қазақстан Барысы-2018» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Басталу уақыты: 13:00.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Ойындар кестесін жүктеу      
Соңғы жаңалықтар
LIVELIVE LIVE
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы
AppStore
Play Market

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

28 тамыз күні Монакода Еурокубоктардың жалпы кезеңінің жеребе тарту рәсімдері өтеді
US Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін бақ сынайды
Едіге Қасымбек еркін күрестен Әлем чемпионы атанды
Екатерина Таранцева Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Грек-рим күресінен өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылар құрамы анықталды
Ресми: Доннарумма Парижден кетеді
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Комментатор сөздігін» таныстырды
Загребте өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды
Жәнібек Абу-Бәкір XII Дүниежүзілік ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын жүлдені сыйлады
Қос қазақстандық балуан Германияда өткен Гран-при турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Asian Figure Skating Youth Camp лагеріне қатысады
Елена Рыбакина Монреаль турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандық спортшылар The World Games – 2025 жарысына қатысады
Ролан Гаррос: қазақстандық жас теннисшілер ширек финалға өтті
Қазақстандық теннисші Иван Пономарев ITF турнирінде алғашқы титулын жеңіп алды
Қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға қаржылай сыйақы берілді
Алматыда Ғұсман Қосанов мемориалы аясында халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтті
Эльмира Сыздықова халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды
Астанада қазақ күресінен алғаш рет CISM Әлем чемпионаты өтеді