Геннадий Головкин чемпиондық белбеуінен бас тартты

41 жастағы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) ресми түрде орта салмақтағы соңғы чемпиондық белбеуінен бас тартты.

Отандасымыз IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын 2011 жылы 9 желтоқсан күні Лахуан Саймонды (23-5-2, 12 KO) жеңу арқылы иемденген еді. Ал 2018 жылы Сауль Альвареспен (59-2-2, 39 KO) өткен реванштық жекпе-жекте GGG бұл белбеуден айырылған болатын. Дегенмен, мексикалық боксшы IBO белбеуінен бас тартты. Нәтижесінде 2019 жылы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкодан (14-5, 10 KO) басым түсіп, чемпиондық атағын қайтарып алды.

IBO ұйымының президенті Эд Левин: «IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуі мен Геннадий Головкинның арасындағы байланыс 12 жыл, 22 жекпе-жекке созылды. 2011 жылдағыдай GGG қазір де орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі болып қала береді. Біздің белбеу арқылы ол орта салмақтағы өзге чемпиондық атақтарға таласты. Бірнеше жыл бойы қарсыластар Геннадий Головкинның мысынан сескеніп, қашып жүрді. Қатарынан 15 нокаут сериясы оның қаншалықты мықты, теңдессіз боксшы екенін анық аңғартады».

Айта кетейік, Геннадий Головкин 1 жылдан аса уақыт бойы жекпе-жекке шықпады.

Танымал бейнелер

Соңғы бейне

Шолу «Реал Мадрид» - «Боруссия Дортмунд» 5:2 | УЕФА Чемпиондар лигасы
Мачқа шолу «Милан» - «Брюгге» 3:1| УЕФА Чемпиондар лигасы
Шолу | Халадаш – Қайрат - 0:4 | Футзал | УЕФА Чемпиондар Лигасы | Негізгі кезең
Шолу | Спортинг – Семей - 6:4 | Футзал | УЕФА Чемпиондар Лигасы | Негізгі кезең
SPORT REVIEW | Ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы
Марапаттау рәсімі | Жетісу - Қуаныш | Волейбол | Финал | Қазақстан кубогы
Шолу | Жетісу - Қуаныш | Волейбол | Финал | Қазақстан кубогы
Шолу | Берел - Тұран | Волейбол | 3-4 орындар үшін ойын | Қазақстан кубогы
Шолу | Ақтөбе - Қарағанды | Волейбол | 5-6 орындар үшін ойын | Қазақстан кубогы
Шолу | Ақтөбе - Қарағанды | Волейбол | 5-6 орындар үшін ойын | Қазақстан кубогы
Шолу | Алматы - Ару-Астана | Волейбол | 7-8 орындар үшін ойын | Қазақстан кубогы
Кәсіпқой бокс | Матео Тапиа - Эндри Сааведра
Кәсіпқой бокс | Бахрам Муртазалиев - Тим Цзю
Ойынның шолуы | Елімай – Астана - 0:3 | Olimpbet QFL Премьер-Лигасы | ХХIII тур
Кәсіпқой бокс | Теллез Йоенис - Йохана Гонсалес
Тур по туру | Превью XXIII тура | 20.10.2024
Ойынның шолуы | Қайсар – Шахтер - 5:1 | Olimpbet QFL Премьер-Лигасы | ХХIII тур
Шолу | Ақтөбе - Алматы | Волейбол | 1/2 финал | Қазақстан кубогы
Шолу | Берел - Алматы | Волейбол | 1/4 финал | Қазақстан кубогы
Шолу | Ару Астана - Қуаныш | Волейбол | 1/4 финал | Қазақстан кубогы