Главная Новости Роберт Левандовски подписал контракт с «Баварией»

Роберт Левандовски подписал контракт с «Баварией»

Роберт Левандовски подписал контракт с «Баварией»

Польша құрамасының ойыншысы Роберт Левандовски мюнхендік «Бавария» клубымен келісім-шартқа қол қойды. Футболшының «Боруссия» клубымен келісімі осы жылғы маусымның соңында бітеді. 25 жастағы  шабуылшы 2014 жылдың 1-ші шілдесінен бастап мюнхендік «Бавария» құрамында ойнайтын  болды.

Медициналық  тексерістен кейін, «Бавария» және Роберт Левандовски тараптары атынан  Карл-Хайнц Румменигге  мен Матиас Заммер, агенттері - Цезари Кухарски мен Майк Бартелмен бірге  екі жақты келісім шартқа қол қойды. Келісім-шарт мерзімі – 5 жыл, яғни 2019 жылдың 30-шы маусымына дейін.

«Бүгін біз бес жылдық келісім-шартқа қол қойдық. Бұл трансферге өте қуаныштымын, әлемдегі үздік шабуылшылардың бірі – Роберт Левандовскидің «Бавария» ойынын күшейтетіне сенімдімін», деді  «Бавария» клубының басқарма төрағасы Карл-Хайнц Румменигге.

fcbayern.de

Поделиться