Сегодня Astana Arlans встретится с Poland Hussars

Қазақстандық «Astana Arlans» командасының боксшылары Дүниежүзілік бокс сериясы аясында кезекті жекпе-жегін өткізеді. Сергей Корчинский шәкірттерінің қарсыластары – «Poland Hussars» командасы.
Бокс кешін 49 келідегі Давид Ягодзиньски мен Мардан Берікбаев ашады. Әрі қарай шаршы алаңға 56 келідегі Марек Петрущук пен Мейірболат Тойытов көтеріледі. 64 келіде Дамиан Кивиор мен Асхат Уәлиханов жұдырықтасады. 75 келіде польшалық команданың капитаны Томаш Яблонскиге қарсы Ерік Әлжанов шығады. Ол соңғы сәтте Сергей Деревянченконы ауыстырды. 91 келідегі Лукаш Зигмунт пен Василий Левит жекпе-жекті аяқтайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Astana Arlans» бұған дейін төрт кездесу өткізіп, турнир кестесінде екінші орында келеді. Олар тек «Cuba Domadores» командасына есе жіберді.
Төрт кездесуде жеңілген польшалық команда топтың соңында тұр. «Astana Arlans» пен «Poland Hussars» жекпе-жегі қаңтардың 10-нан 11-не қараған түні Польшада өтеді. Кездесуді «KAZsport» телеарнасы Астана уақыты бойынша 01:35-де тікелей эфирде көрсетеді.
18 қаңтар күні қазақстандық клуб Әзірбайжанда «Baku Fires»-пен жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде «арландардың» сапында ұлттық құрама мүшесі Ілияс Сүлейменов шаршы алаңға шығады деп күтілуде.
Читайте также
Все
«Кайрат» – «Реал Мадрид»: где посмотреть матч?
25.09.2025, 16:50

Определился победитель марафон-скачек «Ұлы Дала Жорығы»
25.09.2025, 14:03
Нурдаулет Жумагали стал серебряным призёром чемпионата мира
24.09.2025, 14:00
Усман Дембеле стал обладателем «Золотого мяча» 2025 года
23.09.2025, 12:11
Сегодня состоится церемония вручения «Золотого мяча».
22.09.2025, 10:18
В немецком городе Котбус на этапе Кубка мира по прыжкам на батуте в копилку страны добавилась медаль
21.09.2025, 17:15
Историческая победа. Айдос Султангали впервые завоевал золото в греко-римской борьбе
20.09.2025, 21:40
Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте көш бастады
20.09.2025, 19:19