Зүлфия Ғабидуллина Риодағы Паралимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды
Риодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді суда жүзуден Зүлфия Ғабидуллина жеңіп алды. Ол 100 метр қашықтықта еркін жүзуден сынға түсіп, әлем рекордын жаңартты.
Бұл туралы ҚР Паралимпиада комитетінен хабарлады.
Бұл Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын. Бұған дейін біздің спортшылар 1996 жылдан бері 5 жазғы Паралимпиада ойындарына қатысқанымен де медальдарға ие болмаған.
«Міне, бұл медаль - алтын», деп өзінің Инстаграм парақшасында жазды Қазақстанның Паралимиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев.
Зүлфия Ғабидуллинаның медалі жалпы есепте Қазақстанның 16 орынға орналастырды.
Жамбыл облысының тумасы болып табылатын спортшы бірнеше мәрте әлем чемпионы атанып қана қоймай, әлем рекордтарын да жаңартқан.
Естеріңізге сала кетейік, «Kazsport» телеарнасында әр күн сайын Паралимпиада ойындарына арналған күндізгі және кешкі күнделіктер шығады.