Паралимпиадада қазақстандық пауэрлифтерші Қойшыбаева күміс медаль еншіледі
Қазақстандық пауэрлифтерші Раушан Қойшыбаева Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды.
Қойшыбаева «күмісті» 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еншіледі. Оның нәтижесі - 113 келі. Алтын медаль әлемдік рекорд орнатқан қытайлық Тан Юяоға бұйырды (135 келі), қоланы мысырлық Махмуд Амал (108 келі) олжалады.
Айта кетейік, бұл Қазақстанның Паралимпиададағы екінші медалі: «алтынды» 100 метр қашықтыққа еркін жүзуден Зүлфия Ғабидуллина алған еді. Қазақстан медаль жиынтығы жөнінен 35-інші орында.
Дерек көзі: inform.kz