Қостанайлықтар Василий Левитті алтын медальмен марапаттады
Бүгін Қостанайдағы қалалық Достық үйінде Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Федоровка ауылының тумасы Василий Левитті құттықтап қарсы алды. Ол 10 жасынан бастап бокс және кикбоксингтің қыр-сырын «Сұлтан» спорт клубында игере бастаған.
Василийден өз ісінің шеберін тәрбиелеген оның алғашқы бапкерлері Асылхан Бұсырманов пен Марат Тәпенов болатын. Ол Азия чемпионатында үш мәрте мықты болып танылса, студенттер арасындағы Әлем чемпионатында екінші болды.
Қостанайлықтар Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерін өз алтын медалімен марапаттады. Енді Василийдің қоржынында Олимпиада ойындарының басты жүлдесі бар. Мұндай сыйлықты боксшы күтпеген еді. Сыйлықтар мен марапаттаулар мұнымен біткен жоқ. Ресейдегі ДОСААФ ұйымының басшылары Қостанайдағы өкілдеріне біздің боксшыға бірінші деңгейлі орден беруін өтінді. Сондай-ақ, Кеңес Одағының үш дүркін батыры Александр Покрышкиннің медалін сыйлады. Қазақстанда мұндай марапатты бірінші болып Василий Левит иеленіп отыр.