Универсиада-2017. «Алатау» шаңғы және биатлон кешенінде жеңіске жету - әр шаңғышының арманы
2017 жылы елімізде алғаш рет өткізілмек отырған Универсиада Алматыдағы бірнеше спорт кешендерін қамтиды. Студенттік ойындар өткізілетін нысандардың бірі - «Алатау» шаңғы және биатлон кешені.
Кешен Алматы облысының Талғар ауданындағы «Бесағаш» аңғарында орналасқан. Ал, аңғардың өзі 1470-1540 метр биіктікте жатыр.
Нысан 2010 жылы VII қысқы Азия ойындары мен өзге де халықаралық жарыстарды ұйымдастыру үшін салынған болатын. Жалпы ауданы 47 гектарды қамтиды. Аумағында бірнеше көлік тұрағы, тікұшақ алаңы, старт-финиш пен ату аймағы бар.
Спорт кешеніндегі шаңғы трассасының максимальді ұзақтығы – 10 км, 5 км көк және 5 км қызыл екі айналымнан тұрады. Ал, биатлон трассасының максимальді ұзақтығы – 4 км.
Универсиада кезінде бұл кешенде биатлон, шаңғы сайысы және шаңғы қоссайысы жарыстары өтеді.