Универсиада-2017. Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы
2017 жылы елімізде студенттер арасындағы қысқы спорт додасы өтеді. Алматыда алауы тұтанатын Универсиада ойындары 8 спорт нысанын қамтиды, солардың бірі - Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы.
Бұл Спорт және мәдениет сарайының тарихы 50 жылдай, және де ол әйгілі қазақ палуаны, ақын әрі композитор Балуан Шолақтың аты берілген (1864 – 1919 жж).
Спорт сарайы екі бөлімнен тұрады: Басты Арена және Сырғанау Арена. Сыйымдылығы 5000 адамды құрайды.
1967 жылы - ғимараттың салынып біту уақыты кезінде мұз аренасынан, жасанды мұз жасайтын машина бөлімінен, медициналық және әдітемелік бөлімдерден тұрды. 2010 жылы Спорт сарайы VII қысқы Азия ойындарын өткізуге арналған халықаралық стандарттарға сәйкес реконструкциядан өтті.
Қазіргі уақытта Спорт және мәдениет сарайында олимпиадалық спорт түрлерінен әртүрлі құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарстыра өткізіледі. 2015 жылы қараша айында мұнда керлингтен 2016 жылғы Тынық мұхит пен Азия чемпионатына іріктеу турнирі өтті.
Универсиада кезінде Басты Арена әйелдер арасында шайбалы хоккейді қабылдаса, Сырғанау Аренасында шорт-трек бойынша сайыстар өтеді.