Универсиада-2017. Атлеттер ауылы спортшылар қабылдауға дайын
Алматыдағы Қысқы Универсиада аумағындағы Атлеттер ауылы әлемнің 55 елінен келетін спортшыларды қабылдауға сақадай сай отыр. Қалашықтағы құрылыс жұмыстары 2014 жылғы желтоқсанда басталып, биылғы жылғы тамыз айында толық аяқталған.
Тұрғын үй кешені U (Universiade) ағылшын әрпімен орналасқан 14 ғимараттан және қызмет көрсететін 3 блоктан тұрады. Сәулеттік жоспар бойынша барлық нысандар жартасқа салынған суреттердегі күн адамының бейнесін бейнелейді.
14 қабаттық тұрғын үй ғимараттарының операциялық блок орналасқан. «Пирамидада» Универсиада кезінде FISU ұйымдастырушыларының кеңсесі, 1000 адамға қызмет көрсетуге есептелген асхана және демалыс орны орналасатын болады, интербелсенді технологияларды қолдану арқылы Дәстүрлі музыкалық аспаптар мұражайы ұйымдастырылады.
Дирекцияның айтуынша, мұнда спортшыларға керекті нәрсенің бәрі бар. Атлеттер ауылы бір мезетте 5 мың адамды қабылдай алады. Онда 1 кісілік орыннан бастап 3 кісілік жылы әрі ыңғайлы жатын жайлары жасалған. Сондай-ақ, әлемнің әр түкпірінен келетін шетелдік меймандар Қазақ елінің ұлттық аспаптарымен және ән-күйімен де танысады. Атлеттер ауылында ашылған мұражайдан Әміре Қашаубаев пен Жүсіпбек Елебековтің домбыраларын, Шашубай Қошқарбайұлының сырнайы мен Сматай Үмбетовтің қылқобызын және басқа белгілі тұлғалардың аспаптарын көруге болады. Ал, жақын күндері спортшылар қалашығында діни және мәдени орталықтар мен сән салондары ресми түрде ашылады.
Делегацияларға Атлетикалық қалашық 2017 жылдың 24 қаңтарынан 10 ақпанға дейін ашық болады.