Қысқы Универсиадаға дайындық барысы ең үздік материал үшін ҚР журналистері арасындағы байқау қорытындысы шығарылды

Қазақстан Баспасөз клубында 2017 жылғы Қысқы Универсиадаға дайындық барысы және елімізде бұқаралық спорттың дамуы туралы жарияланған ең үздік материал үшін Қазақстан Республикасы журналистері арасындағы байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Байқауға барлығы 149 өтінім келіп түскен болатын. Қазылар алқасы Универсиаданың дайындық кезеңі туралы БАҚ беттерінде көптеген материалдар жарияланғанын атап өтті. Жұмыстарды бағалау кезінде қазылар алқасы авторлардың іс-шараны жан-жақты қарастыра отырып хабар таратқанына, сондай-ақ, жарияланымдардың өзектілігі мен айғақтылығына мән берді.

Байқаудың келесі қатысушылары жеңімпаз атанды:

1. «Баспа БАҚ беттеріндегі ең үздік жарияланым» аталымында материалдар топтамасы үшін:

- Юрий Лифинцев, «Казахстанская правда» республикалық газетінің журналисі;

- Ғалым Сүлейменов, «Айқын» республикалық газетінің журналисі .

2. «Ең үздік телевизиялық сюжет» аталымында Универсиада-2017 іс-шарасына арналған сюжет авторлары:

- Мақсат Ержан «Қазақстан» РТРК «Айтуға оңай» бағдарламасы үшін;

- Серік Сұлтанғазиев «НТК» телеарнасындағы «Ревю» бағдарламасы үшін.

3. «Ең үздік радиоматериал» аталымында:

- Мақсат Айдаболов «Авторадио» жаңалықтарындағы «Универсиада-2017» айдарындағы бағдарлама топтамасы үшін;

- Татьяна Рау – «НС» радиосындағы «Огни большого города» бағдарламасы үшін.

4. «Әлеуметтік желілердегі ең үздік жарияланым» аталымында:

- Альберт Ахметов Yvision.kz порталындағы жарияланымдар топтамасы үшін;

- Бек Төлеуов Baq.kz сайтындағы жарияланымдар топтамасы үшін.

5. «Ақпараттық агенттіктердегі ең үздік жарияланым» аталымында іс-шара туралы кешенді әрі шығармашылық тұрғыда хабар таратқаны үшін:

- Айнаш Хаметжанова, «Tengrinews» ақпараттық агенттігі;

- Ақсәуле Әбітай, «7kun.kz» ақпараттық агенттігі.

6. «Өңірлік БАҚ беттеріндегі ең үздік жарияланым» аталымында:

- Ғабит Сапарбеков, «Оңтүстік Қазақстан» газеті;

- Асқар Ағатаев, «Огни Мангыстау» газеті.

Байқауға белсенді қатысқаны үшін Марина Пестрякова («Вечерний Алматы» газеті), Сейітхан Аманкелді («Қазақстан» РТРК), Айтпай Жандос («Хабар» ТРК) және Ерқанат Көпжасарұлы (Қазақ радиосы) алғыс хатпен марапатталды.

«Тұрғындардың спортшыларымыздың жетістіктері туралы хабардар болуы бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби деңгейі мен жұмыс тиімділігіне тәуелді, осылайша бүгінгі спортшыларымызды үлгі тұтатын болашақ чемпиондар легі өсіп тәрбиеленеді», – деп атап өтті 2017 жылғы Алматыдағы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция басшысы Наиль Нуров.

almaty2017.com

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды