XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада жарыстарына қатысатын қазақстандық спортшылар
XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада жарыстарына қатысу үшін ең мықты 175 қазақстандық спортшы дайындық жүргізуде. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының фавориттері – Денис Тен (мәнерлеп сырғанау), Юлия Галышева, Павел Колмаков, Жанбота Алдабергенова (фристайл), Роман Креч, Станислав Палкин (конькимен жүгіру спорты), Айдар Бекжанов, Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша (шорт-трек).