Универсиада-2017. 30 қаңтар қорытындысы
Қазақстан құрамасы жүлделер сарапқа салынған Универсиаданың алғашқы күні 1 күміс, 2 қола медаль иеленді. Жалпы командалық есепте 5-ші орында.
Қазақстан қоржынына Универсиаданың алғашқы медальді Анна Шевченко салды. Ол шаңғы жарысында (5 шақырым, жекелей сын) қола медальға ие болды.
Ал, ерлер арасындағы шаңғы жарысында спортшыларымыз жүлдесіз қалды. Отандастарымыз арасында үздік нәтижені мәре сызығын бесінші болып кесіп өткен Виталий Пухкало көрсетті.
Кейінірек қыздар арасындағы фристайлдың акробатика бағдарламасында сайысқа түскен қазақстандық спортшылар - Жібек Арапбаева күміс жүлде иеленсе, Жанбота Алдабергенова қола жүлдені қанжығалады.
Сноубордтан параллельді үлкен слалом бәсекесі де бүгін өткен болатын. Бұл сайыста отандастарымыз жүлделі орындарға ие бола алмады. Тек Роллан Садықов қана алғашқы ондықтан көрінді.
Жалпы командалық есептегі медальдар саны:
№ |
Мемлекет |
Алтын |
Күміс |
Қола |
Жалпы |
1 |
Ресей |
4 |
4 |
1 |
9 |
2 |
Қытай |
2 |
0 |
1 |
3 |
3 |
Польша |
1 |
0 |
1 |
2 |
4 |
Италия |
1 |
0 |
0 |
1 |
5 |
Қазақстан |
0 |
1 |
2 |
3 |
6 |
Украина |
0 |
1 |
1 |
2 |
7 |
Беларусь |
0 |
1 |
0 |
1 |
8 |
Финляндия |
0 |
1 |
0 |
1 |
9 |
Франция |
0 |
0 |
1 |
1 |
10 |
Жапония |
0 |
0 |
1 |
1 |