Қазақстан құрамасы Универсиаданың екінші күні 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді
Отандастарымыз Қысқы Универсиадада сәтті өнер көрсетуде. Қазақстан құрамасы жүлделер сарапқа салынған Универсиаданың екінші күні 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді. Жалпыкомандалық есепте 5-ші орынға табан тіреді.
Қыздар арасында өткен 5 шақырым қашықтықтықта еркін стильдегі шаңғы жарысынан Анна Шевченко қола жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшы 13:51.0. нәтижесін көрсетті.
Ал, ерлер арасында өткен 10 шақырым қашықтықтықта Виталий Пухкало төртінші нәтижені көрсетті.
Биатлоншы қыздар 15 шақырымға созылған жекелей сында топ жарып, алтын отандасымыз Алина Райковаға бұйырса, күміс медальды да қазақстандық спортшы Галина Вишневская иеленді.
Ал, конькишілер арасында 1500 метр қашықтықта үшінші нәтижені көрсеткен Екатерина Айдова Қазақстан құрамасының қоржынын тағы бір қола медальмен толықтырды.
Қазақстандық фристайлшылар Қысқы Универсиадада сәтті өнер көрсетуін жалғастырып, командалық сайыстың акробатика бағдарламасында ең көп ұпай жинаған Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек алтын жүлде жеңіп алды.
Жалпы командалық есептегі медальдар саны:
№ |
Мемлекет |
Алтын |
Күміс |
Қола |
Жалпы |
1 |
Ресей |
8 |
7 |
2 |
17 |
2 |
Қазақстан |
2 |
2 |
4 |
8 |
3 |
Польша |
2 |
1 |
2 |
5 |
4 |
Қытай |
2 |
1 |
2 |
5 |
5 |
Италия |
2 |
0 |
0 |
2 |
6 |
Франция |
1 |
0 |
1 |
2 |
7 |
Жапония |
0 |
2 |
1 |
3 |
8 |
Украина |
0 |
1 |
3 |
4 |
9 |
Беларусь |
0 |
1 |
0 |
1 |
10 |
Финляндия |
0 |
1 |
0 |
1 |
11 |
АҚШ |
0 |
1 |
0 |
1 |
12 |
Армения |
0 |
0 |
1 |
1 |
13 |
Аустрия |
0 |
0 |
1 |
1 |