Универсиада-2017. Қазақстандық конькишілер қыздар арасында 3000 метр қашықтықтағы жарыста жүлдесіз қалды
Алматыда өтіп жатқан XXVIII Қысқы Универсиада ойындары барысында қыздар арасында 3000 метр қашықтықтағы жарыста конькишілеріміз жүлдесіз қалды.
Алтын жүлдені белоруссиялық Марина Зуева иеленді. Екінші орынға жапониялық Нана Такахаши орналасса, қола жүлде ресейлік Елена Сохрякова бұйырды.
Ал, отандастарымыз арасында үздік нәтижені бесінші орынға табан тіреген Татьяна Климчук көрсетті.