Мәнерлеп сырғанаудан үш қазақстандық спортшы Универсиаданың еркін бағдарламада өнер көрсетеді
Қысқы Универсиада ойындарында отандастарымыз сәтті өнер көрсетуін жалғастыруда. «Алматы Арена» мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан спортшылар қысқа бағдарламада бақ сынады.
Бұл сайыста ел намысын Айза Мамбекова, Жансая Адыханова және Вероника Шевелева қорғаған болатын. Үш қазақстандық спортшы да келесі кезең еркін бағдарламада өнер көрсетуге іріктелді.
Отандастарымыз арасында үздік нәтижені Айза Мамбекова көрсетті. Ол 42.41 ұпай жинап, 16 орынға тұрақтады.
Айза Мамбекованың қысқа бағдарламада өнер көрсетуі
Жансая Адыханова 23-ші орыннан іріктелді. Оның жинаған ұпай саны - 32.37.
Жансая Адыханованың қысқа бағдарламада өнер көрсетуі
Ал, әлемдік деңгейде бірінші рет өнер көрсеткен Вероника Шевелева 30.66 ие болып, 24-ші орыннан келесі кезеңге өтті.
Вероника Шевелеваның қысқа бағдарламада өнер көрсетуі
Қысқа бағдарламадағы мәнерлеп сырғанау сайысын тікелей эфирде көрсеткен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы.
Ертең іріктеуден өткен қыздарымыз еркін бағдарламада күш сынасады. Аталмыш көркем бәсекені «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 16:55-те.