Универсиада-2017. Қазақстан құрамасының қоржыны үшінші алтын жүлдемен толықты
Қазақстандық биатлоншылар Қысқы Универсиадада сәтті өнер көрсетуін жалғастыруда. Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны үшінші алтын жүлдемен толықты.
Үшінші алтын медальді биатлоннан Галина Вишневская жеңіп алды. Ол 7,5 шақырымға созылған спринт сайысында сынға түскен отандасымыз 21 минут 43,1 секунд уақыт көрсеткішіне ие болды.
Биатлон. Қыздар. Спринт. 7,5 шақырым
1. Галина Вишневская (Қазақстан) — 21:43.1 (1+0)
2. Яна Бондарь (Украина) — +22.8 (1+1)
3. Анастасия Егорова (Ресей) — +36.7 (1+0)
7. Дарья Усанова (Қазақстан) — +1:06.0 (1+2)
8. Анна Кистанова (Қазақстан) — +1:11.1 (0+2)
12. Алина Райкова (Қазақстан) — +1:31.1 (0+1)
18. Елизавета Бельченко (Қазақстан) — +2:45.3 (2+2)
21. Анастасия Кондратьева (Қазақстан) — +3:05.8 (1+2)
Естеріңізге сала кетсек, бұл - Вишневскаяның екінші жүлдесі. Бұған дейін спортшымыз 15 шақырымдық жекелей сында күміс медаль еншілеген болатын.