Универсиада-2017. Қазақстандық екі могулшы Универсиада финалына шықты
Қазақстандық екі могулшы Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков 28-ші қысқы Универсиаданың финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Іріктеу сайысының қорытындысы бойынша 78.94 ұпай жинаған Рейхерд бірінші орынға шықты, ал Колмаков 70.33 көрсеткішімен үшінші орынға табан тіреді. Екінші орынға ресейлік спортшы Сергей Шимбуев (70.90) жайғасты.
Қазақстандық спортшылар Александр Геберт және Константин Горлачев финалға өте алмады.
Осыған дейін, Қазақстандық могулшы Юлия Галышева 28-ші қысқы Универсиаданың финалына шыққаны хабарланған.
Могул бағдарламасындағы финалды «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция басталуы 12:55-те.