Универсиада-2017. Фристайлшы Дмитрий Рейхерд Қазақстан қоржынына бесінші алтын медальді салды
Қазақстандық фристайлшылар Қысқы Универсиадада сәтті өнер көрсетуде. Қазақстан құрамасының қоржыны бесінші алтын жүлдемен толықты.
Бұл жолы могул бағдарламасының финалында 79.94 ұпай жинаған қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд алтын жүлде иеленді.
Ал, тағы бір қазақстандық Павел Колмаковқа қола медаль бұйырды. Екінші орынға ресейлік Сергей Шимбуев жайғасты.