Универсиада-2017. Биатлоншы Роман Еремин қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық биатлоншылар Қысқы Универсиадада сәтті өнер көрсетуде. Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қол жүлдемен толықты.
10 шақырымдық спринтте Роман Еремин мылтық атуда екі рет мүлт кетіп, 27 минут 24.6 секунд уақыт көрсеткішімен үшінші болды.
Алтын мен күміс жүлдені ресейліктер Семен Сучилов (27:02.3) және Дмитрий Иванов (27:24.1) иеленді.