Универсиада-2017. Қыздар арасындағы 5000 метрлік конькимен жүгіру жарысында Қазақстан жүлдесіз қалды
«Медеу» мұз айдынында өткен қыздар арасындағы 5000 метрлік конькимен жүгіру жарысы өз мәресіне жетті.
Алтын жүлдені 7:20.11 нәтижесін көрсеткен беларусиялық Марина Зуева иеленді. Күміс медаль жапониялық Нене Сакаиға бұйырса, қола жүлдені оңтүстіккореялық Лим Джунгсу еншіледі.
Ал, отандастарымыздан бұл жарысқа қатысқан Татьяна Климчук (8:01.79) тоғызыншы нәтижені көрсетті.