Универсиада-2017. Жұптық могулда Дмитрий Рейхерд алтын, Павел Колмаков қола иеленді (ВИДЕО)
Қазақстандық фристайлшылар Қысқы Универсиадада сәтті өнер көрсетуін жалғастыруда. Қазақстан құрамасының қоржыны 1 алтын, 1 қола жүлдемен толықты.
Фристайлшылар арасындағы жұптық могулдың финалында Дмитрий Рейхерд алтын жүлде иеленді.
Ал, тағы бір қазақстандық Павел Колмаковқа қола медаль бұйырды.
Екінші орынға ресейлік Сергей Шимбуев жайғасты.
Енді Қазақстан қоржынында 18 медаль бар.