28-ші Қысқы Универсиада ойындары Қазақстан үшін сәтті өтті
Алматыда өткен 28-ші Қысқы Универсиада ойындары өз мәресіне жетті. 57 елден келген 1652 спортшы қатысқан бұл додада Қазақстан студенттік құрамасы сәтті өнер көрсетті. Ел қоржынында 11 алтын, 8 күміс және 17 қола бар. Бұл көрсеткіш - Қазақстанның жаңа рекорды.
Жалпыкомандалық есепте 36 жүлде иеленген Қазақстан екінші орын алды.
Орын |
Мемлекет |
Алтын |
Күміс |
Қола |
Жалпы |
1 |
Ресей |
29 |
27 |
15 |
71 |
2 |
Қазақстан |
11 |
8 |
17 |
36 |
3 |
Оңтүстік Корея |
11 |
5 |
5 |
21 |
4 |
Жапония |
6 |
12 |
10 |
28 |
5 |
Польша |
5 |
2 |
5 |
12 |
Алғашқы медальді ел қоржынына шаңғышылар салды. Анна Шевченко 5 шақырымдық жекелей сында қола медальға ие болды. Ал, бірінші алтын жүлдені биатлоншы Алина Райкова 15 шақырымға созылған жекелей сында жеңіп алды.