Қазақстандық зілтемірші Әлем чемпионатында үш қола медаль иеленді
Канаданың Калгари өаласында өткен классикалық пауэрлифтинг бойынша Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы үші қола медаль жеңіп, жалпы есепте үшінші орын алды.
Аталмыш додада бақ сынаған отандасымыз Диас Шакерхан IPF тұжырымдамасы бойынша өткен Әлем чемпионатында 53 келіге дейінгі жастар арасында өнер көрсетті. Ол зілтемірмен отырып-тұру - 102,5 келі, жатып зілтемір көтеру - 80 келі және бітімге тарту бойынша - 327,8 келі темір көтеріп үш рет қола жүлдегер атанды.