Дакар-2015. Раллидің бірінші кезеңі аяқталды
Жарыстың алғашқы күні қатысушылар Буэнос-Айрес пен Вилла Карлос Пас арасын жүріп өтті. Алғашқы кезеңдегі жарыс жолының қашықтығы – 838 шақырым, арнайы аймақ 175 шақырымға созылды.
Жол талғамайтын көліктер арасында «Astana Motorsports» командасынан Айдын Рақымбаев 22-ші келді. Оның экипажы кезең жеңімпазы Орландо Террановадан 5 минут 20 секунд қалып қойды.
Ал, жүк көліктері арасында «Дакар-2012» жарысының қола жүлдегері Артур Ардавючустің командасы 13 орынды иеленді.
Жарыстың екінші кезеңінде қатысушылар Вилла Карлос Пас пен Сан Хуан қалалары арасын жүріп өтеді. Мотоцикл, квадроцикл мен жол талғамайтын көліктер үшін жарыс жолының ұзындығы 625 шақырым, ал жүк көліктері үшін 646 шақырым.