Алла Важенина, Анна Нұрмұхамбетова және Ольга Рыпаковаға ресми түрде Олимпиада жүлдегерлері атанды

Халықаралық Олимпиада комитеті қазақстандық үш спортшыға Олимпиада медалін табыстайтыны туралы Ұлттық Олимпиадалық Комитетіне ресми түрде хабарлама жіберді. Атап айтар болсақ, зілтемірші Алла Важенина мен Анна Нұрмұхамбетова және жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға бірнеше жылға созылған тексеруден соң медальдар қайтарылады деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Халықаралық Олимпиада комитеті мен Спорттық арбитражды соттың Тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 75 келі салмақта бірінші орын иеленген қытайлық Лей Цаоның спорттан шеттетілгенін хабарлайды. Сондай-ақ, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының қайта тексеруінен соң қазақстандық Алла Важенина Бейжің Олимпиадасының алтын жүлдегері деп танылды.

Сонымен қатар, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында үш қарғып секіруден төртінші орын иеленген Ольга Рыпакова спортшылар допинг-сынамасын қайта тексерген соң Олимпиаданың күміс жүлдегері деп танылды. ХОК пен CAS Тәртіптік комиссиясы ресейлік Татьяна Лебедева мен грекиялық Крисопиги Деветциді спорттан шеттетті.

2012 жылғы Лондон Олимпиадасында ауыр атлетикадан 69 келі салмақ дәрежесінде 5-ші орын иеленген қазақстандық Анна Нұрмұхамбетова Олимпиаданың қола жүлдегері деп танылды. Мұндай шешімге Тәртіптік комиссия Олимпиада ойындарында тиісінше екінші және үшінші орын иеленген Марина Шкерманкова мен Дзина Сазанавецті спорттан шеттеткен соң қабылдады.

Осылайша, Алла Важенина 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері және Анна Нұрмұхамбетова Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

ХОК медальді табыстау уақыты мен орнын спортшылардың өздері таңдайтынын жеткізді. Естеріңізде болса, Денис Уланов Рио Олимпиадасының қола медалін Ашхабадта өткен әлем чемпионатында қабыл алған болатын.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды