Дакар-2015. Жарыстың екінші күні аяқталды

«Astana Motorsports» командасы Вилья Карлос Пас пен Сан-Хуан қалалары арасында өткен 600 шақырымдық екінші кезеңді аяқтады. Ерекше айта кететін жайт, жарыс жолына шыққан 137 жеңіл көліктің әзірге 58-і ғана мәреге жетті. Осылайша Т1 категориясындағы жол талғамайтын көліктер арасында сынға түскен қазақстандық «Astana Motorsports» командасының мүшелері жалпы турнир кестесінде бірнеше сатыға көтерілді. Мысалы, Айдын Рақымбаев пен штурман Антон Николаев жарыс көшбасшыларының үздік ондығына жақындады. Олар екінші кезеңді 11-ші орында аяқтап, жалпы кестеде 12-ші орынға тұрақтады. «Astana Motorsports» командасының Бауыржан Исабаева пен штурман Владимира Демьяненко бастаған екінші жеңіл көлікті экипажы екінші күні жарысты 23-і болып аяқтады. Ал, жалпы кестеде 27-ші орынға көтерілді. Бауыржан Исабаев жолдың қиындығына қарамастан жалпы нәтижеге риза екенін айтты. Ал, жүк көлігін басқаратын Артур Ардавичус экипажы үшін екінші кезең оңайға соқпады. Көп бұрылыстары бар таулы жолда кетіп бара жатқан көліктің рөлі кілт істен шығып, жолдан тайып кетті. Бір шетіне аударылып түскен жүк көлігінің экипажы аман-сау. Тек уақыт жоғалтып, кезеңді 34-ші орында аяқтады. Осылайша, «Дакар-2012» раллиінде қола жүлде иеленген экипаж жалпы турнир кестесінде 28-ші орынға тұрақтады. «Бір кезде рөл істемей қалды. Оңға бұрсам сол жаққа қарай бұрылмай қойды. Соның салдарынан бір шетке құлап кеттік. Қасымыздан өтіп бара жатқан басқа жүк көлігі қайта «орнымызға тұрғызды». Бірден ақауды жөндеп, мәреге дейін жақсы жеттік. Келесі кезеңге қатыса аламыз, себебі көліктің сырты қатты зақымданбаған. Таңертеңге дейін барлығын жөндеп, шыныны ауыстырып қоямыз. Былайша жүк көлігінің сырты ғана майысып қалды», - деді Артур Ардавичус. Техникалық комиссарлар Tatra тұрағында болып, көліктерді тексерді. Жүк көлігі жөндеуден өткеннен кейін барлық талапқа сай болып шықты: сырты бүтін, терезелер мен есіктер еш қиындықсыз ашылып-жабылу тиіс. Аргентина уақыты бойынша таңғы 06:00-те соңғы техникалық тексеріс болады. Сонымен қатар, жолдың 400-420 шақырымындағы арнайы аймақта 30-ға жуық көлік жүрмей қалған. Ұсақ құмда тұрып қалған кейбіреуі көліктерін қазып алып шықты. Ал, кейбіреуіне үлкен жөндеу жұмыстыры керек. Үшінші кезеңде қатысушылар Сан-Хуан мен Чилесито қалалары арасын жүріп өтеді. Жолдың жалпы ұзындығы 542 шақырым болса, оның 284 шақырымы арнайы аймақ. Astana Motorsports баспасөз қызметі

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді
  • Жаңалықтар
  • Футбол
«Qazsport» телеарнасы футболдан Словения және Сербия чемпионаттарының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
  • Жаңалықтар
Алматы облысында шахматтан «KONAEV CUP – 2023» екінші халықаралық турнирі өтті
  • Жаңалықтар
  • Дзюдо
Дзюдодан Қазақстан Чемпионаты. 1-күн
  • Жаңалықтар
Арайлым Әбенова - самбодан Әлем Чемпионы
Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтеді
Астана қаласында бокстан Жазғы Спартакиада өтеді
  • Жаңалықтар
Алматыда каратеден WKF Азия Чемпионаты өтіп жатыр
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина WTA Finals турнирінде жеңіске жетті