УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан барлық командалар белгілі болды
УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан барлық командалар анықталды.
Плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар арасында ағылшын премьер-лигасының клубтары көш бастап тұр. «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед» және «Тоттенхэм Хотспур» командалары топтық кезеңнен сүрінбей өтті.
УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар: «Боруссия Д», «Шальке-04», «Бавария» (барлығы – Германия), «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм Хотспур» (барлығы – Англия), «Барселона», «Реал», «Атлетико» (барлығы – Испания), «Ювентус», «Рома» (екуі де – Италия), «ПСЖ», «Лион» (екеуі де — Франция), «Порту» (Португалия), «Аякс» (Нидерланды).
Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған 8 команда Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алды. Олар: «Брюгге» (Бельгия), «Наполи», «Интер» (екеуі де – Италия), «Галатасарай» (Түркия), «Бенфика» (Португалия), «Шахтер» (Украина), «Виктория Пльзень» (Чехия), «Валенсия» (Испания).
Фото: «SPORTINFORM»