Қанат Ислам: «Ең басты мақсатымыз - қазақтың жігіттеріне кәсіпқой боксқа жол ашу»

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» корпорациясының ұйымдастыруымен «Astana arlans» кубогының көрсетіліміне байланысты брифинг өтті.

Шараға «Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин, қазақстандық боксшылар, Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев пен Қанат Ислам қатысты.

«Qazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулиннің айтуынша: ««Qazsport» арнасы қазақстандық спортшыларды үнемі қолдап келеді. Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Фируза Шарипова, Бейбіт Шуменов және басқа да мықты боксшыларымыздың қатысуымен өтетін жекпе-жектерді, сондай-ақ, еліміздегі республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирларды тұрақты түрде арнадан көрсетіп келеміз. Міне, 16 желтоқсанда болатын «Astana Arlans» кубогы да еліміздің жас спортшылары мен майталмандарын жинайтын тамаша спорт кеші болайын деп тұр. «Astana Arlans» кубогын 16 желтоқсан күні 23:00-де«Qazsport» арнасы көре аласыздар».


Айта кетейік, 16 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтеді. «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін турнирде Айдар Шарыбаев, Асхат Уалиханов, Абылайхан Құсайынов, Елшат Нығыметоллаұлы және Руслан Мырсатаев шаршы алаңға шығатын болады.

Қанат Ислам: «Астана арландарының» турнирі барысында кәсіпқой бокс кешін өткіземіз. Мұндағы мақсат - Қазақстанда кәсіпқой боксты дамыту. Америка елдерінде кәсіпқой бокс жақсы дамыған, ал бізде әуесқойда ел біріншілігіне екі жүздей бала қатысады. Оның жиырма шақтысы құрамаға ілігеді, біреуі ғана Олимпиадаға барады. Ал қалғаны бос. Чемпионатқа қатыспағандары қаншама. Бізде әр облыста бес-алты мың бала боксқа барады ғой. Ең бастысы қазақтың жігіттеріне кәсіпқой боксқа жол ашу.»

 Жеңімпаздар «Турнирдің ең мықты боксшысы», «Astana» президенттік кәсіби спорт клубының арнайы сыйлығы мен кубогы, «Жеңіске деген ерік үшін» - «Astana Arlans» кубогы, «Көрермендер көзайымы» - «Astana Arlans» кубогы номинациялары бойынша марапатталады.

Бақтияр Артаев: «Біздің қазақ жігіттерінің арасында ішінде тасыған күш-жігері, арманы қалып кеткендері қаншама. Арнайы сол жігіттердің арманын орындау үшін осы әуесқой бокс кешін ұйымдастырып жатырмыз. Әртүрлі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығып жатыр. Сондай-ақ, жасы 60-тан асқан екі ағамыз өзінің кішкене арманын жүзеге асыру үшін бақ сынауда. Екеуі де алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.»

«Astana arlans» кубогының жеңімпаздарын еліміздің танымал спортшылары, Олимпиада чемпиондары : Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Қанат Ислам, Данияр Елеусінов, Болат Жұмаділов, Мерей Ақшалов, Қанат Әбутәліпов марапаттайтын болады.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді