Дакар-2015. Үшінші кезең аяқталды

«Astana Motorsports» командасы «Дакар-2015» ралли жарысының үшінші кезеңін аяқтады. Қатысушылар 500 шақырымнан көп тас әрі шаң жол жүріп өтті. Жарыс жолының қиындығына қарамастан қазақстандық үш команда турнир кестесіндегі жағдайын сақтап қалды. Өкінішке орай, Т2 категориясындағы жол талғамайтын көліктер арасында қатысып жатқан қазақстандық төртінші команда үшін күн сәтсіз болды. «Өзендердің арнасы мен кей жерлерде феш-феші (ұсақ түйіршікті құм) бар өту қиын жол. Қарқынды баяулатпауға тырыстық. Алайда, жолда ағаштың сабағы көліктің капотын зақымдады. Оны орнына қойғанша үш минуттай уақыт жоғалттық», - дейді «Astana Motorsports» жүргізушісі Айдын Рақымбаев. Көлікті жөндеуге кеткен уақытқа қарамастан Айдын Рақымбаев пен штурман Антон Николаев кезеңде де, жалпы турнир кестесінде де 11-ші орынға тұрақтады. Бауыржан Исабаев пен штурман Владимир Демьяненко экипажы өздерінің жалпы есептегі жағдайын жақсартты. Олар үшінші кезеңде 21-ші келіп, жалпы турнир кестесінде 24-ші орынға көтерілді. «Үшінші күн өте қарқынды өтті. Біз өзеннің өткеліне таяған кезде оны жүріп өтпекші болдық. Алайда, тәуекелге бармай, оны айналып өттік», - дейді Бауыржан Исабаев. Техникалық ақауларға қарамастан Артур Ардавичустің жүк көлігі үшінші кезеңде үздік жиырма спортшының қатарына ілігіп, 19-шы келді. Осылайша олар жалпы турнир кестесінде 7 сатыға көтеріліп, 21-ші орынға тұрақтады. «Жолдың бірінші жартысына дейін бәрі керемет болды. Ал, 140-шы шақырымнан бастап амортизаторлар мен кейбір жүйелер істен шықты. Осыдан кейін арнайы аймақтарды жүріп өту қиынға соқты. Енді барлығын жөндеуге тырысамыз», дейді «Дакар-2012» қола жүлдегері Артур Ардавичус. «Мәреге 100 шақырым қалғанда көліктің ауа тазалағышы сынып қалды. Соның салдарынан шаң қозғалтқышқа кіріп, ол істемей қалды. Біз өзіміз шығуға тырыстық, алайда түк шықпады. Сол себептен шөл далада түнеуге тура келді. Біздің көмекшіміз таңғы 9-да ғана келді. Бірақ, аранайы техника ұсақ құмға көміліп қалған көлікті шығара алмады. Тағы бір сағаттан кейін арнайы жүк көлігі келіп, бізді құмнан алып шықты», - дейді Денис Березовский. Енді қатысушылар Чилесито (Аргентина) мен Копьяпо (Чили) арасындағы мыңдаған шақырым жүріп өтеді. «Astana Motorsports» баспасөз қызметі

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды