Дакар-2015. «Astana Motorsports» командасы үздік ондықта!
Қазақстандық «Astana Motorsports» ұжымы «Дакар-2015» жарысының төртінші кезеңінде жақсы нәтиже көрсете білді. Айдын Рақымбаев басқаратын жол талғамайтын көлік жалпы есепте 9-шы орынға тұрақтады.
Аргентинаның Чилесито мен Чилидің Копьяпо қаласы арасында өткен төртінші кезең көп жүргізушіге оңайға соқпады. Мәре мен арнайы аймақтың арасы 600 шақырымға созылды. Бұл кезең таулы жерде өткендіктен (кей жерлерде теңіз деңгейінен 4 мың метр жоғары) кейбір қатысушыларда «таулы ауру» болды.
«Бұл кезең оңайға соқпады. Бұл жолы биіктікке әрең шыдадық. Мен өзімді жаман сезініп, жарысқа шықпаймын деп ойлағанмын. Біздің механик те кешегі басынан алған жараққатынан айықпады. Осы қиындықтарға қарамастан, біз жалпы турнир кестесінде 19-шы орыннан 16-шы орынға көтерілдік», - дейді Артур Ардавичус.
Айдын Рақымбаев кезеңді 13-ші аяқтады. Осылайша ол әлемнің үздік ондығына кіріп, жалпы кестеде 9-шы орынға көтерілді.
«Қысым мен биіктікке байланысты құлағымыз дұрыс естімеді. Құмды жерде бірнеше экипажды оздық», деді кезең соңында Айдын Рахимбаев.
Бауыржан Исабаев пен штурман Владимир Демьяненко командасы кезеңде 23-ші, ал жалпы кестеде 19-шы орын иеленді.
«Соңғы 40 шақырым құмды төбелер болды. Сол жерде бірнеше эипажды оздық. Біздің ұжым үшін құмда жүру қиынға соқпады», - деді Бауыржан Исабаев.
Дакар-2015 раллиінің бесінші кезеңінде қатысушылар Копьяпо мен Антофагаста қалалары арасында 700 шақырым жүріп өтеді. Оның 458 шақырымы – арнайы аймақ.
«Astana Motorsports» баспасөз қызметі