«Дакар-2015» қатысушылары Чилиге келді
Айдын Рақымбаев экипажы жалпы турнир кестесінде жағдайын жақсартты. Ол жарыстың екінші бөлігінде жылдамдығын үдетіп, Атакама шөлінде жақсы нәтиже көрсетті. Осылайша мәре сызығын 13-ші болып кесті.
Енді оның командасы катарлық Насер әл-Аттиядан 1 сағат 4 минут қалып келеді. Әзірге қазақстандық ұжым – 13-ші орында.
Кезеңде 23-ші келген жалпы турнир кестесінің үздік жиырма спортшысы қатарына Бауржан Исабаев экипажы тұрақтады.
Ал, жүк көліктері жарысында Артур Ардавичус экипажы 19-шы орынға көтерілді. Ол Эдуард Николаевқа 48 минут 1 секунд кешігіп, төртінші кезеңде 16-шы болып келді.