Дакар-2015. «Astana Motorsports» экипаждары 8 кезеңді аяқтады (ВИДЕО)
«Дакар-2015» бәсекесі бел ортасынан асты. 8-ші кезеңде ұйымдастырушылар үш түрлі жарыс жолын дайындаған.
Мотошабандоздар Чилидің ИкИке қаласынан боливияның Уюниін бетке алса, автошабандоздар керсінше бағытта сынға түскен.
Жарыс барысында Артур Ардавичус машинасы техникалық қолайсыздықтарға байланысты көп уақыт жоғалтты.
Жол бойында жөндеу жұмыстарын жүргізген олар арнайы орынға түн ауа келді. Осыған қарамастан қазақстандық экипаж 8-ші кезең қорытындысы бойынша үздік ондықтың қатарына енді.
Артур АРДАВИЧУС, «Astana Motorsports» командасының мүшесі:
Әрине жолда қиындық көп болды. Көлігіміз бұзылып қалғаннан кейін оны жөндеу үшін көп уақыт жоғалттық. Дегенменде алдағы кезеңдерде жоғалтқан уақыттың орынын толтырамыз деген ойдамыз.
Ал, Айдын Рақымбаев экипажы болса марафондық кезеңде 14-ші көрсеткішке ие болды. Ол топ бастап келе жатқан Язиду әл-Раджиден 13 минут 46 секундқа қалып қойды. Жалпы есепте Айдын Рақымбаев экипажы 13-ші орында келеді.
Бауыржан Исабаев экипажы 8-ші кезеңді 25-ші орында аяқтады. Ол жалпы есепте үздік 18-ші орныда келеді.
Ертең жарысқа қатысушылар демалады. Одан кейін Калама қаласына дейін созылатын 538 шақырымды жүріп өтулері керек. Оның 450 шақырымы арнайы жарыс жолынан құралған.