Дакар-2015. Қазақстандық «Астана» командасы жарысқа қатысушыларға арнап ет асты (ФОТО)
Қазақстандық «Астана» командасының мүшелері жарыстың демалыс күнінде сайысқа қатысушыларға арнап ақ дастархан жайды.
Айта кетейік, Қазақстан «Дакар - 2015» жарысына «Astana Motorsports» командасының үш жеңіл, бір жүк көлігін үкілеп қосып отыр. Жол талғамайтын көліктер санатында Т1 класты екі экипаж өнер көрсетуде.
Олар MINI көлігіндегі жүргізуші Айдын Рахымбаев пен жолсілтеуші Антон Николаев, Toyota Overdrive көлігінің тізгіншісі Бауыржан Исабаев пен жолсілтеуші Владимир Демьяненко.
Т2 класында жүргізуші Денис Березовский мен жолсілтеуші Игнат Фальков Nissan Patrol автокөлігінде өнер көрсетеді.
Жүк көлігі санатында (Т4) «Дакар-2012» жарысының қола жүлдегері Артур Ардавичус пен оның жол сілтеушісі Алексей Никижев және механик Даниэль Козловский Tatra автокөлігімен жарысуда.