WBC Уайлдер мен Фьюриге реванш өткізуді міндеттеді
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) аса ауыр салмақтағы чемпион америкалық боксшы Деонтей Уайлдер мен британдық Тайсон Фьюриге реванш өткізуді міндеттеді.
Егер қос тарап қаржылай келісімге келе алмаған жағдайда 5 ақпан күні бокс кеңесі тарапынан бөлісу жүргізіледі. Дерек көздеріне сүйенсек 60 пайыз Уайлдердің еншісіне, 40 пайыз Фьюрге тиесілі болмақ.
Естерңізге сала кетейік, қос боксшы арасындағы алғашқы кездесу 1 желтоқсан күні өтіп, төрешілердің шешімі бойынша тең есеп тіркелген еді.
Фото: WBC