Новак Джокович Australian Open-2019 турнирінің финалдық бәсекесінде Надальдан басым түсті
Сербиялық теннисші Новак Джокович Australian Open-2019 турнирінің финалдық бәсекесінде испандық Рафаэль Надальдан үш сетте басым түсті (6:3, 6:2, 6:3).
Осы жеңіс Джокович үшін аталмыш турнирдегі жетінші чемпиондығы (2008, 2011, 2012, 2013, 2015, 2016, 2019). Бұл рекорд.
Сондай-ақ, "үлкен дулыға" жарыстарындағы 15-ші жеңісі. Бұл көрсеткіш бойынша сербиялық теннисші тек Роджер Федерер мен Рафа Надальға есе жіберуде.
Фото: Scott Barbour/Getty Images