«QAZSPORT» арнасының көрермендерін 2019 жылы қандай жаңалықтар күтуде?

«QAZSPORT» арнасының директоры Павел Цыбулин республикалық Sports.kz интернет-порталына берген сұхбатында жуырдағы телекөрсетілімдер мен арнаның 2019 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

- Павел Валерьевич, сіздің айтуыңызша, алдағы ақпан айы «QAZSPORT» телеарнасы үшін спорт бәсекелеріне толы ай болмақ. Қандай спорттық шараларды көрсетуді жоспарлап отырсыздар? 

- 31 қаңтар күні «QAZSPORT» арнасының тікелей эфирінде ҚХЛ аясында бақ сынап жатқан елордалық «Барыс» пен «СКА» арасындағы ойын көрсетіледі. Санкт-Петербургте өткен қос команда арасындағы соңғы ойын өте қызықты болды. Алдағы матчта елордалықтар Лиганың ең үздік клубтарының біріне қарымта қайтара алады деп сенеміз. Сондай-ақ, осы күні арнамыздан грэпплингтен «Astana Open 2019» турнирінің көрсетілімі жоспарланған. Жалпы алдағы аптада біз атқаратын жұмыстар өте көп. 1-2 ақпан күндері Дэвис кубогының алғашқы айналымы аясында теннистен ерлер арасындағы Ұлттық құрамамыз Португалия құрамасымен ойнайды. Сондықтан, ел спортшыларына бірге қолдау көрсету үшін барлық көрермендерді «QAZSPORT» арнасын тамашалауға шақырамыз.

Сенбі күні «Барыс» - «Йокерит» және баскетболдан ВТБ лигасында ойнайтын «Астана» командасы «Автодормен» кездеседі. Аталған ойындар да телеарнаның эфирінде. Ал, жексенбі күні таңғы 07:00-ден бастап UFC жекпе-жектері тікелей эфирде көрсетіледі. 3 ақпан күні 07:30-дан бастап «Qazaqstan» Ұлттық арнасының тікелей эфирінен кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көре аласыздар («QAZSPORT» арнасынан күндізгі және кешкі эфирден жекпе-жектің қайталауын тамашалауға болады).

Содан кейінгі екі апта да спорттық бәсекелерге толы болмақ. ҚХЛ «Барыстың» ойындарымен қатар, 5-13 ақпан аралығында Өскеменде әйелдер арасындағы волейболдан Ұлттық лига ойындары эфирден көрсетіледі. Барлығы 20 трансляция көрсетілімі жоспарда бар. 6-9 ақпан аралығында теннистен Федерация кубогы аясында Қазақстанның әйелдер құрамасы Азияның үздік ұжымдарымен ойнайтын болады. 6-10 ақпан аралығында Шымкентте өтетін күрестен Қазақстан чемпионатын тамашалай аласыздар. Сондай-ақ, хоккейден Қазақстан чемпионатының ойындарын да ұмытпаған жөн.

- Бокс туралы айтатын болсақ. Тағы да қандай жарыстардың көрсетілімі жоспарда бар? 

- Бокс «QAZSPORT» арнасындағы көрсетілімі ең көп спорт түрлерінің бірі. Жазда ҚР Президентінің кубогы, күзде өтетін ел чемпионатын міндетті түрде көрсетеміз. Сондай-ақ, көптеген халықаралық жарыстар да назарымыздан тыс қалған жоқ. Оның арасында сәуірдегі Азия біріншілігі және қыркүйектегі Ресейде өтетін Әлем чемпионатын көрсетуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, кәсіпқой бокстағы спортшыларымыздың кездесулерін барынша көрсетуге тырысып жүрміз. Соның ішінде Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Мейірім Нұрсұлтанов, Жәнібек Әлімханұлы, Батыр Жүкембаев және басқа да жігіттеріміз бар.

Өкінішке орай, біз біршама жекпе-жектері көрсете алмаймыз және жанкүйерлер мұны дұрыс түсінуі керек. Барлық боксшылар Головкин мен Қанат Ислам сынды боксшыларымыздың деңгейінде емес. Сондықтан, олардың жекпе-жектерді негізгі көрсетілім нұсқасына кірмей қалады. Себебі, бокс кешін ұйымдастырушылар тарапы олардың кездесуін трансляциялау пайда әкелмейді деп есептейді. Біз жақында ғана канадалық бокс ұйымдастырушыларымен екі апта бойы күн-түн демей Садриддин Ахмедовтың кездесуін түсіруді сұрап келіссөздер жүргіздік. 3 ақпан күні болатын Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көрсету үшін АҚШ-тағы ұйымдастырушылармен де дәл солай келістік. Сенсеңіздер үлкен жұмыстар атқарылуда. Әрине, бұл жерде әңгіме ақшалай төлем жағына да келіп тиеді. Біз өз спортшыларымызды құрметтейміз, бағалаймыз. Бірақ, кейбір ұйымдастырушылар сұрайтын үлкен қаражатты төлей алмаймыз. Бұл мемлекеттік қаражат. Оны оңды-солды жұмсай беруге болмайды. Егер қандай да бір келісімге келу мүмкіндігі болса, біз оны жасаймыз. Бұл жерде «QAZSPORT» арнасының келіссөздер жүргізетін менеджерлерін айта кеткен жөн.

- 2019 жылға арналған жалпы көрсетілімдер бойынша бөліссеңіз. Қандай жаңалық күтуге болады? 

- Қазіргі «QAZSPORT» арнасының эфирінде болып жатқан негізгі спорт бәсекелері сақталады. Олар ҚХЛ, баскетболдан ВТБ лигасы және негізгі спорт түрлерінен Қазақстан чемпионаттары.

Одан бөлек, 2019 жылы Қазақстан аумағында өтетін барлық Әлем чемпионаттарын көрсететін боламыз. Сонымен қатар, шет елдерде болатын біріншіліктерді барынша көрсетуге тырысамыз. Олардың ішінде атап өтетін негізгі шараларға 9-16 ақпан аралығында өтетін «Азия балалары» спорттық ойындары, 2-12 наурыздағы қысқы Универсиада және 3-14 шілдеде Неапольде өтетін жазғы Универсиаданы жатқызуға болады.

Біздің телеарна Халықаралық Дзюдо федерациясымен арадағы келісім бойынша Әлемдік жарыстарды көрсетуін жалғастыратын болады. Сондай-ақ, FIFA-мен 2022 жылға дейінгі келісім-шарт бойынша аталмыш ұйымның жарыстарын көрсетуге құқығымыз бар. 2019 жылдың соңына дейін UFC кештерін көрсетуге мүмкіндігіміз бар. 2019 жылдың соңына дейін «QAZSPORT» арнасының көрермендері 40-тан астам MMA жекпе-жек кештерін тамашалай алады.

Күзде «QAZSPORT» арнасының эфирінен «Тур Алматы» вело-көпкүндігін тамашалай аласыздар. Сонымен қатар, Чехияда өтетін жастар арасындағы шайбалы хоккейден Әлем чемпионатын көрсететін боламыз.

Айта кетейік, «QAZSPORT» арнасының эфирін теледидардан немесе сайтымыздан ғана емес, Qazaqstan TV мобильдік қосымшасы арқылы да көруге болады. Спорт жанкүйерлері аталмыш қосымшаны жүктеп алып, кез-келген жерде телеарнамыздың эфирін жоғары сапада көре алады.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді