«Барыс»-«Адмирал»: 1-2


Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін Владивостокта (Ресей) жергілікті «Адмирал» командасымен өткізді.  

Бүгінгі кездесуде алғаш болып есепті айдын иелері ашты. «Адмирал» сапынан 10-минутта Александр Мерескин мергендік танытты. Осы есеп 41-минутқа дейін сақталып тұрды. Бұл уақытта «Барыс» хоккейшісі Никита Михайлис таразы басын теңестірген еді. Алайда, тең нәтиже ойын соңына дейін сақтала қоймады. Айдын иелерінен Владимир Бутузов 58-минутта жеңіс шайбасын соғып кетті. Осылайша «Барыс» бүгінгі қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.  

Елордалық клуб бұған дейін Астанада Омбының «Авангард» командасынан 1:2 есебімен жеңілген болатын. Енді команда алдағы екі кездесуін сырт айдында өткізеді. Алдымен 20 ақпанда «Амур» командасымен ойнайды. Құрлықтық хоккей лигасындағы соңғы кездесуін Қытайдың «Куньлунь Ред Старымен» 22 ақпанда өткізеді. Одан кейін жарыстың плей-офф кезеңі басталады. 

«Барыс»-«Адмирал» кездесуін «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетті.   


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды