«Qazsport» телеарнасында – үлкен футбол!

Қазіргі таңда төрткүл дүниенің назары – футболда. «Qazsport» телеарнасы «Setanta» ұжымымен бірлесе отырып, спортсүйер қауымға футбол ойындарын тарту етпек. Алдағы уақытта «Qazsport» телеарнасы әр апта сайын Еуропаның үздік лигаларының кейбір матчтарын тікелей эфирде ұсынбақ. Атап айтар болсақ: ағылшын премьер-лигасы, неміс Бундеслигасы, Испания біріншілігі, Серия А және француздық Лига 1. 

Ал, қалған ойындарды кабельдік телеоператорларда қолжетімді «Setanta sports», «Setanta sports+» және «Setanta Qazaqstan» арналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрынғы маусымдарда «Qazsport» телеарнасы Испания, Англия, Германия чемпионаттарының матчтарын әр жылдары көрсеткен болатын.

Футболдың отаны саналатын Англия біріншілігінің ойындары қашан да қызықты әрі тартысқа толы. Ағылшындар елінде турнир кестесінің ортасындағы кез келген ұжым көш басындағы клубтарды қапы қалдыруы әбден мүмкін. Жыл сайын маусым соңына дейін шын мықтыны анықтау қиынға соғады. Дәл қазіргі таңда «Манчестер сити» мен «Ливерпуль» арасында бірінші орын үшін талас жүріп жатыр. Маурисио Почеттино шәкірттерінің де аяқ алысы жаман емес.

Қазіргі таңда әлемнің үздік ойыншыларының басым көпшілігі испан жерінде өнер көрсетеді. Сондықтан да болар, испан командаларының Еуропадағы жорығы жемісті. Соңғы 5 жылда корольдік клуб 4 рет, каталондықтар 1 рет Чемпиондар лигасын ұтқанын мысалға алсақ та жеткілікті. Ал қос мадридтік клуб пен каталондықтар арасындағы тартыс әлі аяқталған жоқ.

Серия А - шебер қорғаушылар және тартысқа толы матчтарымен ерекше. Өткен жылы Криштиану Роналду «Ювентус» сапына ауысқаннан кейін, итальяндық доданың асығы алшысынан түсіп тұр. «Ақ және қара» жейделі аяқдопшылар соңғы жылдары біріншіліктеріндегі бірінші орынды ешкімге бермей келеді.

Соңғы жылдары «Бавария» неміс жеріндегі ең үздік ұжым саналғанымен, осы маусымда дортмундтық «Боруссияның» жолы болайын деп тұр. Десек те, чемпиондық үшін талас әлі аяқталған жоқ.

Әлем чемпиондары Францияның біріншілігі аса тартысты болмаса да, жас жұлдыздардың арқасында жанкүйерлер тарапынан үлкен қызығушылыққа ие. Алайда турнир кестесінің ортасындағы командалар жыл соңында төменге түсіп қалуы ықтимал. Жыл сайын француздар өлкесінде тәрбиеленген ойыншылар әлемнің үздік клубтары таласады.

«Кәрі құрлықтың» үздік 5 біріншілігі енді қыза түсті. «Qazsport» телеарнасы алдағы уақытта үздік бес біріншіліктің ең қызықты матчтарын көрермендер назарына тікелей эфирде ұсынбақ.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді